Дөңгелек үстелге колледж директорының орынбасары Балжақсы Шанкенова, аудандық жастар орталығының маманы Әлия Сейітназарова, аудандық орталық кітапхананың әдіскері Айнагүл Байжанақова және колледж студенттері қатынасты.
Шарада Б.Шанкенова: «Елбасының «100 жаңа оқулық» жобасы бүгінгі жастар үшін оның ішінде гуманитарлық пәндер үшін ең қажетті оқулықтар. Өз басым осы жоба аясында «Әлеуметтік психология» оқулығымен ғаламтор арқылы оқып таныстым. Кітаптағы заманауи психология туралы жазылған ғалымдардың жаңа көзқарасы маған қатты ұнады», деді. Бұдан соң Ә.Сейітназарова сөз алып, жастарға «100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан 18 оқулық жа-
йында авторлар мен кітап мазмұндарын жан-жақты түсіндіріп берді. Ал кітапхана әдіскері А. Байжанақова «100 жаңа оқулық заман талабы» атты баяндамасын ортаға салып, аталмыш оқулықтардың бұрынғы оқулықтардан өзгешелігіне тоқталып өтті.
Жиын барысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында жастар ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.
«Мен бүгінгі басқосуда өзіме мол пайдасы бар мәліметтер алдым. Әсіресе кәсіпкерлік пен менеджмент, дінтану мен философия оқулықтары маған ең қажетті кітаптар дегім келеді. Мен осы колледждің «Дәнекерлеу ісі» мамандығында оқып жүрмін. Колледжді бітірген соң Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Технологиялар ісі» мамандығына оқуға түскім келеді.Аманшылық болса, білікті және білімді маман болуды қолға аламын», дейді колледж студенті Хабиб Тұрашев.
Дина ЖОЛДАСБАЙҚЫЗЫ,
жастар орталығының маманы
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы